Карасевка орта мектебінде оқушылар «Этикеткаға 5 секунд — өмір бойы денсаулық» тақырыбындағы бейнероликті тамашалады.
Мақсаты:
халықтың сапалы және қауіпсіз азық-түлік өнімдерін таңдаудағы сауаттылық деңгейін арттыру, азық-түлік өнімдерінің таңбалануын оқу және түсіну дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ рационалды тамақтану арқылы өз денсаулығына жауапкершілікпен және саналы көзқарас қалыптастыру.





